Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 27 Ақпан, 2024

Сәкеннің «стилі» қандай болған?

Қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинің туғанына биыл 130 жыл. Осы мерейтойға орай жазушының киім кию стилі, яғни сырт-келбеті жайлы сөз қозғамақшымыз.

Сәкеннің өмірде келбетті, көрікті адам болғаны бізге белгілі. Қоғам қайраткерінің досы Сәбит Мұқанов 1922 жылы Сәкенмен таныспақ ниетпен Орынборға келеді. «Киімі сұлу. Сәкенмен бірге бір иіс кірді», - деп Сәкенді есіне түсіреді. Шынымен ол заманда көбісіне таңсық зат – француз  әтірін  қолданған. Әтір елордада орналасқан музейде жазушының әмияны, өзі шылым шекпесе де, қонақтар үшін пілдің сүйегінен жасалған мүштігімен бірге сақталған. Ыдыстың түбінде қолданылмаған әтір де қалған.

Мұқановтың естеліктерінде Сәкен жайлы былай дейді: «Костюмімен ғана отырған Сәкенге енді қарасам: кескіні шынында да адамзаттың көркемі екен. Қыраусыз қап-қара қалың, қасы, қою ұзын мұрты өзі сұлу ажарын ерекше ашып тұр! Сол жылы жасы 28-ге ғана толғанымен, кескіні сақа жігіт сияқты... Оң жақ, білегіне салған, қара алтынмен әшекейленген сом, бұрамалы күміс білезік пен қайырмалы ақ жағаға тағылған галстук», - дейді. Қоғам қайраткерінің сол кезде-ақ Еуропалық стильде киінгені суреттері мен көптеген кітаптардағы әңгімелер соған дәлел.

Астанада орналасқан музейдегі ақпараттар бойынша, көрнекті жазушы костюмді 1930 жылдары Мәскеуде сатып алған, ал теріден жасалған туфлиді Қырымдағы демалыс кезінде арнайы тапсырыспен жасатқан.

Репрессия кезінде костюм туысқандарының қолында сақталыпты. «Халық жауының» әйелі ретінде қудалауда болған жары босап шыққан соң Сейфуллиннің көптеген жеке заттарын өз қолына қайта қайтарған.

Костюм ағылшын сәнінде, ұсақ жолақтары бар, қара-қоңыр матадан тігілген. Пиджак екі жағынан түймеленетін, жанқалтасы бар, екінші қалта кеуде тұсында. Шалбарының балағы қайырылған, жаны арнайы екі қысқа белбеумен әшекейленген. Костюмінің сырт-келбетіннен жазушының орташа бойлы 160-165 см болғанын байқауға болады. Сонымен қатар, тек имиджі үшін таяқты (трость) ұстап жүрген. Музейде таяқтың екі түрі бар. Костюм музейдегі 7 залдың бірінде мәдени мұра ретінде сақталған.    

 

Арайлым Қалмұхаметова,

Астана IT университетінің ІІ курс студенті

505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз