Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 04 Наурыз, 2024

Ерлан Қошанов бастаған депутаттар делегациясы Мәскеуге келді

​​Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар делегациясы Мәскеуге келді, -  деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ресей​​ Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған депутаттар делегациясы Мәскеуге келді. Ресей астанасында Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Федералдық Жиналыс Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесулер өтті.

Сапар барысында Ерлан Қошанов Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володинмен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ол Ресей Қазақстан үшін әрдайым сенімді одақтас, стратегиялық әріптес, тату көрші екенін және солай болып қала беретінін атап өтті.

– Елдеріміз арасында сенімді саяси диалог жолға қойылған. Тығыз экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс орнап, берік шарттық-құқықтық база қалыптасқан. Жыл өткен сайын бұл қарым-қатынастар тек нығайып келеді. Көшбасшыларымыз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин оларды дамудың жаңа деңгейіне көтерді, – деді Мәжіліс спикері.

Сондай-ақ ресми сапар аясында Мәжіліс спикері Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Ерлан Қошанов әріптесіне Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстандағы маңызды өзгерістер туралы айтты.

Мәжіліс төрағасының ресми сапары одан әрі Казань қаласында жалғасады. Онда Ерлан Қошанов Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Республика Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесулер өткізеді.


Фото: t.me/mazhilis_kz

633 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз