Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 05 Наурыз, 2024

​​Ерлан Қошанов Татарстан басшылығымен парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады

​​Ерлан Қошанов Татарстан басшылығымен парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады, - деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Қазан қаласына барды.

Сапар барысында Ерлан Қошанов Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесіп, жуырда ғана Қазанда өткен «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің салтанатты ашылуына қатысқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді.  

Ерлан Қошанов Татарстан Ресейдің жетекші өнеркәсіптік аймақтарының бірі және біздің еліміз үшін маңызды серіктес екенін атап өтті.

Тараптар ынтымақтастықты, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Мәжіліс спикері осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды «IT-мемлекетке» айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойғанын айтты.

Өз кезегінде Рустам Минниханов Қазақстан Президентімен кездесуді ерекше ықыласпен еске алып, қазақ және татар халықтарының тарихи-мәдени деңгейдегі жақындығын атап өтіп, Қазақстан мен Татарстан IT-парктерінің әлеуетін біріктіруді ұсынды.

Сапар барысында Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездесіп, Қазақстан депутаттарының заң шығару жұмысы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол әріптестерін Мемлекеттік Кеңестің 30 жылдығымен құттықтады.

– Бізге парламентаралық байланысты дамытып, жиған тәжірибемен алмасу өте маңызды. Депутаттар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асуына жан-жақты атсалысуға тиіс. Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының негізін өңіраралық ынтымақтастық құрайды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының 89 субъектісінің 76-сымен тікелей сауда-экономикалық байланыс белсенді түрде дамып келеді. Олардың ішінде Татарстан көш бастап тұр, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Өз кезегінде Фарид Мухаметшин өзара мәдени және туристік байланысты нығайтуға шақырды.

t.me/mazhilis_kz

665 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз