Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Сәуір, 2024

Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кезекті кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның Ұйымдағы төрағалық етуінің және 2024 жылғы шілдеде өтетін ШЫҰ Астана саммитіне дайындалуының өзекті мәселелерін талқылады.
Сұхбаттастар алдағы саммиттің «ШЫҰ плюс» форматында алғаш рет өтуі, сондай-ақ Беларусьтің Ұйымның толыққанды мүшесі ретінде қатысуы тарихи маңызға ие екенін айтты.
 

491 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз