Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Сәуір, 2024

Henkel компаниясы Қазақстанда өндірісті дамытуға ниетті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың Орталық Азия және Кавказ өңірлеріндегі Henkel компаниясының бас директоры Михаил Ершовпен кездесуі өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында М. Ершов Орталық Азия және Кавказ өңірлерінің Кеңсесін Қазақстан аумағына көшіру процесінің аяқталғаны туралы хабарлады және компанияның елімізде бизнесті дамыту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Henkel компаниясы Еуразия аймағының тоғыз елінде – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Армения және Грузияда бизнесті белсенді дамытуда. Аталған компанияның Қазақстанмен ынтымақтастық тарихы 2006 жылы басталды.

Өндірістік және логистикалық тізбектердің күрделенуі компанияны еуразиялық кеңістіктегі өндірісті оңтайландыру туралы ойлануға итермеледі. Қазірдің өзінде осы аймақта Компанияның екі өндірістік кәсіпорны бар: Қонаев қаласындағы (бұрынғы Қапшағай) зауыт және Грузиядағы Тбилиси маңындағы өндіріс орындарында Metylan және Ceresit өндіретін кәсіпорын.

Қазіргі уақытта тұтынушыға жақын болу үшін өндірісті оқшаулаудың басқа мүмкіндіктері зерттелуде, бұл ретте компания Қазақстанда құрылыс қоспалары өндірісін кеңейтуге бағытталған инвестициялардың үлесін ұлғайтуға ниетті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар жүйелі, тиімді диалог үшін бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: gov.kz

168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз