Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Сәуір, 2024

Алматыда ғалымдар мен қоғам өкілдері әскери ғылымды дамыту мәселелерін талқылады

Құрлық әскерлерінің әскери институтында Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери оқу орындарының өкілдеріне бейнеконференция ұйымдастырылды. 

Конференцияға «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, Халық қаһарманының немересі Айжан Нұрмағамбетова, еліміздің күш құрылымдары оқу орындарының курсанттары, ЖОО-ның студенттері, магистранттары мен докторанттары, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. 

Конференция жұмысы екі секция бойынша ұйымдастырылды. Онда қазіргі жағдайда әскери ғылымды дамыту, идеологиялық жұмыс, әскери оқыту және тәрбие саласындағы ғылыми қызметті жетілдіру мәселелері талқыланды. Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық әскери ынтымақтастық тақырыптары да қозғалды. 

ҚР ҰҚК академиясының бастығы Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Ахат Мұқашев, Құрлық әскерлері әскери институты бастығының бірінші орынбасары полковник Жәнібек Сарғазин және басқалар баяндама жасады. 

Конференция қорытындысы бойынша әскери ғылымды одан әрі дамыту жөнінде қарар қабылданып, қауіпсіздік саласында ұсынымдар әзірленді. Қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

Фото: gov.kz

186 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз