Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Сәуір, 2024

Ұлттық қорғаныс университетіне Өзбекстан әскери қызметшілері келді

Астанаға Өзбекстан Республикасы Қарулы күштері академиясы бастығының орынбасары подполковник Собир Авлиеевтің басшылығымен делегация келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік әріптестерді оқу орнының ғылыми-эксперименттік базасымен таныстырды.

Әскери университеттің магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына Өзбекстан Қарулы күштері академиясының әскери сарапшылары дәріс сабақтарын өткізді. 

Фото:gov.kz

Тараптар ұлттық қауіпсіздік, стратегия және жедел әскери өнердің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. 

Өзбекстан әскери қызметшілері одан басқа ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты.

Бұл шара Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

130 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз