Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» акциясына 180 мыңнан астам қазақстандық қатысты

Мемлекет басшысының аймақтардағы елдімекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Оған жастар мен волонтерлік ұйымдар белсенді қатысуда. «Таза өлке» деп аталатын бірінші аптаның қорытындысы бойынша 181,7 мың адам қатысқан 1,6 мыңнан астам іс-шара өтті.

Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында экологиялық акциялар ұйымдастырылды.

Алматы облысында 1,6 мың тоннадан астам, Жетісу облысында 679 тонна қоқыс шығарылып, Түркістан облысында 1,5 мың көшет, 34,5 мың гүл отырғызылды.

Су тасқыны болған аймақтарды қалпына келтіру шаралары жалғасып жатыр.

Фото: gov.kz

483 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз