Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Сәуір, 2015

Мәдениет министрі ұлттық киім күнін енгізу идеясын қолдады

Eлімізде жақында ұлттық киім күні мерекесі тойланып қалуы мүмкін. Себебі бұл бастаманы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қолдап отыр.

Photo: Мәдениет министрі ұлттық киім күнін енгізу туралы идеяны қолдады Министр “тіпті бұл күні тек қазақтар ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық этностар өз ұлттық киімін киіп жүрсе”, – дейді. Аталмыш күнді Наурыз мейрамын тойлайтын кезде атап өту қажет, оған президенттің жарлығы мен үкіметтің қаулысы керек емес деп санайды министр. Естеріңізге салайық, бірер күн бұрын ғана тарихшы, жазушы Арман Нұрмағамбетов ұлттық киім күнін жариялауды ұсынған болатын. Ол сол күні барлық қазақстандықтар қазақтың ұлттың киімін киіп жүрсе, Қазақстанда туризмнің дамуына ерекше әсер етеді деп пікір білдірген еді. Алайда тарихшы оны Наурыз мерекесінде емес сәуір, мамыр немесе қыркүйек айларының бірінде тойласақ деген ниетте.
Дереккөз: 7 канал

1135 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз