Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Мамыр, 2015

Геннадий Головкин әлемдегі үздік үш боксшының қатарына енді

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан әлемнің үздік боксшыларының үштігіне енді, деп хабарлады Vesti.kz.

Головкин - 01Boxrec.com нұсқасы бойынша P4P тәуелсіз рейтингі американдық Флойд Мейвезер мен филиппиндік Мэнни Пакьяо арасындағы ұрыстан кейін жаңартылды. 12 раундтың қорытындысымен төрешілердің бірауыздан дауыс беруімен жеңіс Мейвезерге берілді, ол WBA (Super) және WBC нұсқасы бойынша атағын сақтап қалды және Пакьяоның WBO белбеуін иеленді. Сөйтіп, Мейвезер 48-ші жеңісіне қол жеткізіп. Р4Р рейтіингісіндегі көшбасшылығын бекітті (2059 ұпай). Пакьяо мансабындағы алтыншы жеңіліске ұшырап, үшінші орыннан сегізінші тармаққа төмен түсті. Филиппиндік боксшының құлдырауы Головкинді үшінші орынға көтерді. Қазақстандық тізімдегі екінші орынды иеленіп отырған Владимир Кличкоға жол берді. Бұдан бұрын Пакьяоны жаттықтырып жүрген Фредди Роуч қазіргі кезде Головкин  салмақ санатына қарамастан әлемнің үздік боксшысы болып қалып отыр, деген болатын. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы Андре Уордпен бірге Флойд Мейвезерден жоғары тұруы тиіс.
Дереккөз: ИА "Казинформ"

446 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз