Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Желтоқсан, 2017

Биылғы жаңа жылдық дастархан қандай болмақ?

? Келе жатқан 2018 жыл – ит жылы молшылық пен берекенің жылы болмақ. Сондықтан жаңа жылдық дастарханда басты тағамдар, әрине еттен жасалған дәмділер болуы шарт. Мерекелік дастархан ет тағамдарымен ғана шектелмей, түрлі тәттілермен, тоқаштармен, жеміс-көкөністермен және шырындармен толтырылғаны жөн. Жаңа жылдық ас мәзірінің негізгі тағамдары: Ет Көкөністер (әсіресе сары және қызғылт сары түсті) Жемістер Тәттілер Шырындар Негізгі ас мәзірі үй иесінің таңдауына байланысты жасалады. Дастарханды қолдан жасалған әдемі бұйымдармен сәндеуге болады. Ол үшін шырша бұтақтары мен қағаздан жасалған әшекейлерді пайдаланады. Жайылатын асжаулығыңыз сары және қызғылт сары түстен болса, тіпті жақсы. Бұл – ит жылының негізгі түстері. Демек, жемістерден құрма, мандарин, сары түсті алмалар қойылуы керек. Қазақ дастарханын қай кезде болмасын, етсіз елестету әсте мүмкін емес. Молшылық пен береке әр қазақтың дастарханына тән. Ал қонақжайлық қанымызға сіңген қасиет. Сондықтан 2018 жылдың қарсаңында жайылатын дастарханыңыз молынан болсын. Ең бастысы, құттықтап келген қонақтарды жылы шыраймен, ақ ниетпен қарсы алсаңыз, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі болса, дастархандарыңыз да жайнайтыны сөзсіз! Үміт Жұмаділова

257 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз