Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Сәуір, 2018

Си Цзиньпин Назарбаевқа алғыс хат жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннен алғыс хат келді, деп хабарлайды Kazgazeta.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қытай Халық Республикасының төрағасы қайта сайлануымен құттықтағаны үшін Қазақстан Республикасының Президентіне шынайы ризашылығын білдіре отырып, Қытай мен Қазақстанның тату көрші əрі жан-жақты стратегиялық серіктес екенін атап өткен.

«Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында еліңіз əлеуметтік үйлесім мен тұрақтылықты сақтау, экономиканы дамыту жəне халықтың əл-ауқатын жақсарту ісінде мол жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада зор беделге ие болып отыр. Мен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше мəн беремін, табысты байланыстарымыз бен берік достығымызды қадір тұтамын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін жан-жақты стратегиялық əріптестікке бағытталған Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру жолында Сізбен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенімді білдіремін. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Өзіңізбен тағы да жүздесуді асыға күтемін», – делінген Си Цзиньпиннің хатында.

449 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз