Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Тамыз, 2018

Атырау жəне Маңғыстау облыстарының əкімдіктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

28 тамызда Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев пен Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжанов екі облыстың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты өңіраралық кооперацияны дамыту жəне өңірлердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.Тараптар өнеркəсіп, шағын жəне орта бизнес саласында, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, экология, құрылыс салаларында ынтымақтастық жасауға келісті. Сондай-ақ облыстар арасында жастар саясаты, мəдениет жəне спорт салаларында да өзара іс-қимыл жасау көзделуде.
Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей əкімдіктердің алдында тұрған басты міндет- өңірлерді экономикалық дамытудың түрлі салаларындағы табысты жұмыс тəжірибесімен танысу.
-Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды тапсырмаларының бірі өңіраралық қарым-қатынасты дамыту болып табылады.Табысты тəжірибе алмасу өте пайдалы, бұл көп жағдайда даму процестерін жеделдетеді. Біз бүгін мəселелердің кең ауқымын талқыладық, екіжақты ынтымақтастық аясында көптеген жобалар бойынша пікір алмастық,- деді Нұрлан Ноғаев. -Біз қызығушылықтың, мəселені ұғынудың бар екенін көріп отырмыз. Жақын арада барлық талқыланған жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановтың пікірінше экономиканы əртараптандыру мақсатында шикізаттық емес секторларды дамыту мəселелеріне назар аудару қажет.
-Бұл өңдеу өнеркəсібі, шағын жəне орта бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асыру, азық-түлік қауіпсіздігі. Құрылыс жəне туризмді дамыту саласында тартымды жобалар бар. Барлық қол жеткен келісімдерді іске асыру өңірлер мен республиканың экономикалық өсуі үшін серпін бермек, -деп баса айтты Ералы Тоғжанов.
Бүгінгі күні Маңғыстау облысы еліміздің ірі көлік логистикалық хабтарының бірі болып табылады. Теңіз порттарын дамыту Қазақстанның экономикасы үшін үлкен серпін береді. Маңғыстау облысының басшысы ірі мұнай жобаларындағы қазақстандық қамту мəселесін қозғады.
Меморандумға қол қою екі облыстың экономикалық жəне инвестициялық əлеуетін дамытуға жаңа серпін береді.

872 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз