Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 02 Қыркүйек, 2018

"Төлесі" емес, "төлі". Оқулықтағы қателерден аяқ алып жүргісіз

Қай класс екенін білмеймін, мектеп оқулығындағы бір сөзді ғана көріп, біздің елдегі беріліп жатқан білімнің, оқулық жазатын авторлардың деңгейіне қатты таңғалдым. Қарапайым ғана атау тұлғалы "төл" сөзін (малдың төлі, яғни, қозы, лақ, бұзау, құлын, бота) көсемшенің (а, е, й, ып, іп, п) жұрнағын жалғау арқылы сөз мағынасын "төле" (етістік) деп мүлде өзгертіп жіберген және оны "төлесі" деп тәуелдендіріп жазып қойған. Қазақтың қарапайым ғана "Төл" деген сөзін білмейтін авторлардан қандай оқулық күтуге болады. Неғылған надандық? Баспаның редакторлары ай қарап отыр ма? Оқу министрлігі мен авторлар, әбден қанды ішіп болдыңдар... Осындай топас, ауыл көрмеген авторлардың оқулық жазуына неге жол беріледі?

Еркін Шүкіманның фейсбук парақшасынан

3360 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз