Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 25 Қазан, 2018

Түркістанда Халықаралық түркі әлемі форумы өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде ұйымдастырылған  Халықаралық түркі әлемі  форумы Шымкент қаласынан бастау алып, оның  шеңберінде  Түркістан қаласында да бірқатар іс-шаралар өткізілгендігі туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Халықаралық түркі әлемі форумына қатысушылар Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат етіп, «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құнды жәдігерлерімен танысты. Жиынға Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Болгария, Иран, Қазақстан, Ресейдің Тыва, Дағыстан аймақтарынан жиырмадан астам әдебиетшілері мен ақын-жазушылар келді.  Зиялы қауым өкілдері Түркістан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының қабылдауында болып,  жаңа облыс орталығының  мәдени-рухани даму бағытымен танысты. Атап айтқанда, делегаттар қатарында Түркия Республикасы Ардахан қаласының мэрі Уғур Деде,  Түркия Республикасы Ататүрік зерттеу орталығының басшысы Нихат  Бүйікбаш, тарихшы Али Ак, Үндістандағы Джамму университетінің стратегиялық және аймақтық зерттеулер департаментінің ди⁠ректоры Мохаммад Монир Алам, Иран Ислам Республикасы Пейам-и Нур мемлекеттік университетінің оқытушысы Масоумеh Даеи, Ресей Федерациясы «Ажи-Кала тарихи-мәдени орталығы» аймақтық қоғамдық ұйымының өкілі Эльвира Аджибаева, Дағыстан Республикасының ақыны Салимет Майлыбаева, Шымкент қалалық «Қаламгерлер» бірлестігінің төрағасы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы бар. Форум аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпараттық ресурстық орталығында Түркістан қаласының жастарымен кездесу  ұйымдастырылды.

5939 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз