Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 16 Қараша, 2018

«Болат Тұрлыханов Кубогына» байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов Кубогы» халықаралық турнирі биыл 24-рет өтеді.

Бұл Халықаралық күрес федерациясы United World Wrestling ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген Қазақстан аймағындағы грек-рим күресінен жалғыз жарыс. Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановты еске алуға арналған турнир халықаралық күнтізбеге 2015 жылы енгізілді және ресми мәртебеге ие.

Турнирдің басты ұйымдастырушыларының бірі, Азия күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов: «Өткен жылғы жарыста 19 елдің палуандары қатысты. Жарыстың өткізілуі де жоғарғы деңгейде өтті. Ертең Оңтүстік Корея,Ресей,Тәжікстан,Түркіменстан және басқа да елдердің,барлығы 10-нан аса мемлекеттің мықты спортшылары бақ сыңайды»,-деді.  «Жүлде қоры қомақты. Бұл қаржылай сыйлықты балуандарға көмек деп білеміз. Өйткені, үйленген, балалы спортшылар өте көп. Соларға материалдық қолдау болса деген ниет».

Халықаралық турнир  16-17 қарашада Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов Кубогы» халықаралық турнирінің ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан күрес федерациясы, Алматы қаласының әкімдігі.

17-18 қарашада Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізіледі

Жарыс 6 олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Бірінші күні

 60,67,77,87,97,130 келі салмақ дәрежелері бойынша

Сағат: 17:00-19:00

60,67,77,87,97,130 келі салмақ  дәрежелері бойынша ширек финал,жартылай финал және жұбаныш белдесулері өтпек.

Турнирдің екінші күні

 60 ,67, 77, 87, 97, 130 келі салмақ дәрежелері бойынша жұбаныш белдесулері өтеді.

Сағат: 12:00 -13:00

Турнирдің ашылу салтанаты,финалдық белдесулер,жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

 

Жанарбек Әлихан

1547 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз