Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 03 Желтоқсан, 2018

Қараша айында теңге бағамы қалай құбылды?

Доллардың теңгеге шаққандағы құны Желтоқсан айында қалай болатындығы беймәлім. Дегенмен, айдың басы доллар бағамының сәл де болса өсімімен басталды. Кейбір экономист 1 доллардың құны 400 теңге болады деген болжамды Тамыз айында-ақ айтып тастаған еді. Дегенмен, мәселеге басқаша көзқараспен қарайтындар бар. Доллар бағамының шарықтап, Теңге құнының әлсіреуі қолдан жасалып отыр деген де пікірлер айтылуда. Мәселен, www.kapital.kz сайтына сұхбат берген финансист, DAMU Capital Management бас директоры Мұрат Қастаев 1 доллардың құны 390-400 теңгеге жетеді деуге негіз жоқ деген пікір айтады.
Бұндай болжамды салмағы басым құрылымдар немесе инвестициялық орталықтар, банкілер жасап отырған жоқ. Сол себепті де біз бұл болжамға маңыз бермеуді жөн көрдік. Біздіңше, америкалық валюта өз құнынан артыққа бағаланып отыр. Біздің бағамдауымызша, доллар 345-350 теңге көлемінде болуы тиіс. Ал бұл бағаға қосылған артық сома нарықтық эмоцияларға тәуелді. Біздіңше, Ұлттық банк теңгенің курсын бюджеттің қалтасын қампиту мақсатында төмендетіп отыр. Доллар бағамының жоғары болуы, шикізатты экспортқа шығаратындар үшін тиімді. Яғни, экспортерлер пайданы доллармен алады, оны теңгеге алмастырып, салық төлейді, сөйтіп бюджетті толтырып отыр, - сарапшы www.kapital.kz сайтына берген сұхбатында.
Бұған дейін депутаттар да Қазақстанның валюта нарығындағы ойыншылардың өзара ымырасының салдарынан теңге бағамының қолдан төмендетіліп отырғандығын айтып дабыл қаққан болатын. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектордың арасындағы белгілі бір ымыраның салдары осыған жетелеп отыр деген еді. Ал сарапшылар жыл соңына дейін доллар бағамы 370 теңгеден аспайды деген болжам айтады. Егер, теңгенің долларға шаққандағы құны - 390-400 теңгеге жететін болса, онда Ұлттық банкіге инфляцияны ауыздықтау оңайға түспейтін көрінеді. Бұл халықтың жаппай наразылығын тудыруы мүмкін. Сол себепті де, доллар Қарашадағы құнын ұстап тұратн болады. Одан сәл төмендеуі де ықтимал.

Есен Байнұр

12741 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз