Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты: Теңге бағамын кім реттеп отыр? Ұлттық банк пен квазимемлекеттік сектор ма?

561

Мәжіліс депутаты  Аманжан Жамалов 17 қазандағы 2018 жылғы республикалық бюджетке енгізілген түзетулерді талқылау барысында 5-7 қыркүйек аралығындағы Ұлттық банкінің 520 миллион доллар сатқандағына назар аударды. Бұл барлық сауданың – 80 пайызы екен.

— Бұдан кейін теңгенің құны одан сайын әлсірей түсті. Егер, 4 Қыркүйекте доллар 365 теңгемен сатылса, 12 Қыркүйекте 380 теңгеге жеткен. «Бұл жағдайды тиімді пайдаланған кім, барлық валютаны сатып алған кім?» деген сауал еріксіз туындайды. Әрине, бұл халықтың қолынан келмесі анық, — деген депутат Ұлттық банк мәліметтеріне сүйене отырып, қазіргі таңда мемлекеттік холдингтер мен квазимемлекеттік компаниялардың есепшоттарында 7,2 трлн теңге жатыр, бұл барлық банк міндеттемелерінің 34 пайызы.

— Мұнда медальдің екінші жағы бар. Квазимемлекеттік сектор валютаны сатып алуға қатты мүдделік танытқан. Олардың қымбат құрал-жабдықтарын валютамен импортқа шығаратын инвестициялық бағдарламалары бар. Сондай-ақ, ірі көлемде алған сыртқы қарыздары да бастан асады. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша квазимемлекеттік сектордың қарызы 23 миллиард доллар. Қарызды өтеу кестесі бойынша тек биылғы үшінші кварталдың өзінде 2,4 миллиард доллар төлеу қажет. Квазимемлекеттік сектор теңгенің құбылмалы курсы кезінде ақша жасау мақсатында шетел валютасын сатып алады. Нәтижесінде біз теңгенің шынайы нарықтық курсынан айырылып қалдық. Ұлттық валюта бағамы мұнайдың бағасы секілді фундаментальды фактормен емес, Ұлттық банкі мен квазимемлекеттік сектор секілді екі ойыншының іс-әрекетімен айқындалып отыр. Теңге бағамын тұрақтандыратын, айқындайтын уақыт жеткен жоқ па?  Тым болмағанда уақытша болса да, Ұлттық банкі мен Үкіметтің мүддесіне сай келетін валюта дәлізін бекітуге болмай ма? – деді Жамалов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *