Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 08 Қаңтар, 2019

Еуропаның ең қымбат футболшыларының рейтингі жасалды

  CIES Football Observatory зертту орталығы еуропалық ТОП-15 лигадағы ең қымбат футболшылардың рейтингін жасады, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". Рейтингті құру барысында футболшылардың жас ерекшелігі мен келісімшарт мерзімі есепке алынды. Тізімде бірінші тұрған Франция құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе. Оның құны 218,5 миллион еуро. Екінші орында Англия құрамасы мен "Тоттенхэм" құрамасының форварды Харри Кейн (200,3 миллион еуро), үшінші - ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар (197,1). Ал "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси (171,2 миллион еуро) жетінші және "Ювентус" форварды Криштиану Роналду (127,2) тізімде он тоғызыншы болды. Толық тізіммен мына жерде таныса аласыз. Ең қымбат ТОП-10 ойыншы: 1. Килиан Мбаппе (ПСЖ, Франция) - 218,5 миллион еуро; 2. Харри Кейн ("Тоттенхэм", Англия) - 200,3; 3. Неймар (ПСЖ, Бразилия) - 197,1; 4. Рахим Стерлинг ("Манчестер Сити", Англия) - 185,8; 5. Мохамед Салах ("Ливерпуль", Мысыр) - 184,3; 6. Пауло Дибала ("Ювентус", Аргентина) - 171,9; 7. Лионель Месси ("Барселона", Аргентина) - 171,2; 8. Ромелу Лукаку ("Манчестер Юнайтед", Бельгия) - 162; 9. Филиппе Коутиньо ("Барселона", Бразилия) - 157; 10. Лерой Сане ("Манчестер Сити", Германия) - 156,1.

1068 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз