Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Қаңтар, 2019

Елордалықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 17 млрд теңгеге жуық жарна аударды

Медициналық сақтандыру жүйесі – медициналық қызмет сапасының және оның қолжетімділігінің кепілі. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу халықтың медициналық қызметке деген күннен күнге өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандырады деп күтілуде. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта елордалық жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 16,78 млрд теңге жарна аударды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл республика бойынша аударылған жарналар мен аударымдардың жалпы сомасының (133 млрд теңге) 12,62 %-ын құрайды. Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Астана медициналық сақтандыру жарналары – аударымдары бойынша Алматы қаласынан (21,10%) кейін екінші орында, үшінші орында – Қарағанды облысы (8,20%).

Аударымдардың негізгі бөлігі жұмыс берушілерге тиесілі - 11 млрд теңгеден астам қаражат, 6 млрд теңгеге жуық қаражат – жеке кәсіпкерлердің жарналары.

Естеріңізге саламыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан. 2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

2241 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Атырау облысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Келесі мақала БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *