Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Ақпан, 2019

Ақтөбеде Батыстың үздік әскери шаңғышылары анықталды

Ақтөбе қаласындағы «Беркут» туристік базасында әскери қызметшілер арасында шаңғы жарысынан Қарулы Күштердің іріктеу чемпионаты өткізілді, - деп хабарлайды "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. 

Шаңғы біріншілігіне Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарынан 57 әскери қызметші қатысты. Командалар 2 әскери қызметшіден құралды, олардың бірі ер адам болса, екіншісі әйел адам, қалғандары жеке қатысушы ретінде шықты. Жарыс екі этаптан құралды, олар «Патрульдер эстафетасы» мен «Патрульдер жарысы» деп аталады. Жарыс дистанциясына әскери қызметшілер әскери киім үлгісінде шықты. Патрульдер эстафетасы 10 км арақашықтықтан тұрады, оның 5 км ер адам, ал 5 км әйел адам өтеді. Патрульдер жарысына команда старттан бірге шығып, ілесіп жүреді, уақыт команданың соңғы мүшесі мәре сызығын өткен бойда тоқтатылады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының дене тәрбиесі және спорт қызметінің бастығы майор Медет Құлыбековтың айтуы бойынша, бұл жарыста барлығы командалық жұмысқа байланысты, себебі спортшының техникасы да, шыдамдылығы да мінсіз болғанымен, қортынды нәтиже оның серіктестеріне байланысты болады.

Жарыс қортындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Атырау қаласының 41433 әскери бөлімі, 2 орынды – Ақтаулық 25744 әскери бөлімі, ал 3 орынды Ақтөбелік 30238 әскери бөлімі иеленді. Ендігі кезекте, жарыс жеңімпаздары 1-3 наурыз күндері Щучинск қаласында өтетін Қарулы Күштердің чемпионатына қатысады.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде дене даярлығы жауынгерлік даярлықтың айырылмас бөлігі болып табылады. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тұрақты түрде президенттік нормативтерді, бір айда бір рет – кезекті сынақты, ал бір жылда бір рет қортынды тексерісті тапсырады.

846 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз