Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Сәуір, 2019

«ATU Jigit sultany-2019» анықталды

Алматы технологиялық университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «JasStar» жобасы бойынша «Жастар жылына» арналған жастардың бос уақытын тиімді өткізу және мәдени демалысты ұйымдастыру мақсатында жыл сайынғы дәстүр бойынша «ATU Jigit sultany – 2019» мегажобасы өтті. Байқаудың шымылдығы университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Қалтай Батхолдинның кіріспе сөзімен ашылды. Шараға арнайы қонақ ретінде Абылайхан атындағы шет тілдері университеті тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорының орынбасары Бауыржан Саржанов, Алматы қаласы аумақтық кәсіподақ төрағасының орынбасары Алмагүл Акимова, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, паралимпиадашы Серік Есматов шақырылды. Байқауға «Еріктілер лигасының» төрайымы, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Айсұлу Ерниязова, РФ Плеханов университеті мен АТУ қос дипломдық бағдарламасының 3-курс студенті Тимур Талипов, әнші Томирис Жангазинова, әнші, актер Қанат Досанов, әнші, актриса Сағынай Қуан, жұлдызды hair-стилист Балнұр Қуантай және «ATU Jigit sultany – 2018» мегажобасының ГРАН ПРИ иегері Мағжан Қуатов төрелік етті. Мегажобаны Алматы технологиялық университетінің Жастар саясаты мен мәдени бұқаралық жұмыс бөлімі ұйымдастырды. Сондай-ақ, университеттің белсенді студенттері мен ұйым төрағалары да атсалысты. Атап айтсақ, РФ Плеханов университеті мен АТУ қос дипломдық бағдарламасының 3-курс студенті Тимур Талипов, техника ғылымдарының 1-курс магистранты, «ATU Jigit sultany – 2018» иегері Мағжан Қуатов, «АТУ аруы – 2017» байқауының жеңімпазы, «Тай-На» сән театрының жетекшісі Динара Жолдасова, инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Алихан Бекен, тағам өндірістері факультетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Кальбинура Аюпова, «Голден Тим» заманауи би тобының жетекшісі Дінмұхаммед Кумаргазин шараның басы-қасында жүрді. Қатысушы жігіттер 4 кезең бойынша сайысып, өздерінің жан-жақты саладан хабары бар екендігін көрсетті. «ATU Jigit sultany – 2019» мегажобасына төрт факультет пен техникалық-экономикалық колледжі бойынша қатысушыларға кастинг жасалып, байқаудың финалдық кезеңіне Сұлтан Сибат, Нұртілек Қазтаев, Біржан Кенжеев, Досбол Сұлтанов, Ермұхан Айтмұхамбетов, Темірлан Каирдинов, Еркебұлан Мырзатай, Санжар Саянұлы Нұрбол Мұқан, Заңғар Әнбия өтті. Сайыс қорытындысы бойынша «ATU Jigit sultany – 2019»  Темірлан Каирдинов атанды. Жеңімпазға былғарыдан жасалған «ATU Jigit sultany» белдігі мен 50 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бірінші орынды Нұртілек Қазтаев иемденсе, екінші орын Досбол Сұлтановтың еншісіне бұйырды. Ал «Instagram juldyzy – 2019» номинациясын Біржан Кенжеев иеленді. Сондай-ақ, Ермұхан Айтмұхамбетов – «Дарынды сұлтан», Нұртілек Қазтаев – «Білекті сұлтан», Досбол Сұлтанов – «Сымбатты сұлтан», Сұлтан Сибат – «Тапқыр сұлтан», Нұрбол Мұқан – «Байсалды сұлтан», Заңғар Әнбия – «Өнерпаз сұлтан», Біржан Кенжеев – «Жайдары сұлтан», Еркебұлан Мырзатай – «Жігерлі сұлтан», Санжар Саянұлы – «Жалынды сұлтан», Темірлан Каирдинов – «Жайдары сұлтан» номинацияларымен марапатталды. Барлық сайысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңында университет басшылығы сайысқа демеушілік еткен барлық компанияларға алғыс білдірді. Дәстүрлі «ATU Jigit sultany – 2019» мегажобасына келген көрермендер жақсы көңіл-күймен тарқасты.  АТУ Медиа орталығы

1628 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз