Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Сәуір, 2019

Алматыда жылу магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті

Алматыда жылу  магистралі жарылып, 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап, kazgazeta.kz. Алматы жылу желілері кәсіпорнында төтенше жағдай таңғы 4 шамасында Пушкин көшесінен өтетін учаскеде болғанын мәлімдеді. 1993 жылдан бері қолданылып келе жатқан ескі құбыр жарылып кеткен. Салдарынан 4 адам зардап шекті. "Көпқабатты үйдің 7 пәтері мен тұрақта тұрған 8  көлікке зақым келді. Барлық келтірілген шығындар көлемі есептелген соң заң шеңберінде өтелетін болады",- деді Алматы жылу желілері кәсіпорнынан. Алматы коммуналдық қызметтері апаттың салдарын жоюға кірісті.  

400 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз