Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Сәуір, 2019

Атырау облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс активі кезінде жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының жаңа басшысын таныстырды.

- Атырау облысы әкімінің үкімімен жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасының басшысы болып Оразғалиев Әсет Самарxанұлы тағайындалды,- дейді Нұрлан Ноғаев.

Жаңа басшы 2003 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, 2008 жылы Атырау мұнау және газ институтын тәмамдаған.

2003-2005 жылдар аралығында Атырау өрт сөндіру қызметінде жұмыс жасады.

2005-2006 жылдары ​Атырау облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болды.

2006-2008 жылдары "Атыраунефтемаш" мекемесінде теxникалық қауіпсіздік бойынша инженер болды.

2008-2010 жылдары жол құрылысы саласындағы коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Аймақ басшысы жолаушылар тасымалын бақылауда ұстап отыруды тапсырды. - Бүгінде Семейден 91 автобус алынды. ТШО демеушілігімен Қостанайдан 50 автобус келді. 20 бірлік автобусты Құлсарыға жібереміз, қалғандары қалалық маршруттарда қозғалатын болады. Бұдан бөлек, жолаушы тасымалын жақсарту үшін қосымша 100 жаңа автобус алу жоспарланып отыр,- деді Нұрлан Ноғаев.

1082 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз