Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Маусым, 2019

Арыстағы оқиғаға байланысты пойыздар кестелерінен кешігуде

Түркістан облысы Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Шымкент -Арыс -Темір» жол учаскесінде пойыздар өз кестесінен кешігіп жатқанын мәлім етті. «ҚТЖ» АҚ-ға қарасты барлық мекемелер «Шымкент -Арыс -Темір» жол торабында қатынайтын барша жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігі үшін алдын ала шаралар өткізуде. Пойыздардың кешігуі туралы ақпарат сәйкесінше вокзал ғимараттарында берілуде. Сондай-ақ барша ақпаратты «105» бірыңғай қоңырау орталығы арқылы да біле аласыздар», - делінген ҚТЖ ақпаратында.  Еске салайық, бүгін таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс болды.  Бірнеше өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл желілер құрды. Көп ұзамай облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия Арыстағы әскери бөлімге аттанды. Жағдайдың ауқымымен танысқан өңір әкімі Арыс тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданғанын мәлім етті. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындар қайда және қалай эвакуацияланып жатқанын хабарлады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. ҚР Қорғаныс министрлігі ресми ақпарат таратып, түске дейінгі уақыттағы жағдай бойынша зардап шеккендер жоқтығын айтты.  Кейін хабарланғандай, оқиға орнына Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ұшып шықты. Дереккөз: inform.kz

796 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз