Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 22 Қаңтар, 2020

Қытайдан тараған коронавирус АҚШ-қа жетті

Америка Құрама Штаттары өз аумағында коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Ауруларды бақылау орталығы Қытайда пайда болған жаңа вирус Сиэтл тұрғынынан анықталғанын хабарлады. Орталық өкілдерінің айтуынша, вирус жұқтырған 30 жастағы азамат Қытайдың Ухань қаласынан 15 қаңтар күні келген. «Пациент денсаулығы болмай, Вашингтон штатындағы ауруханалардың біріне жүгінген. Қазір сол жерде ем алып жатыр. Емделушінің барып келген сапары мен симптомдарына қарап, оған коронавирус диагнозы қойылды», – деп жазады басылым. Айта кету керек, Қытай ресми түрде дүйсенбі күні вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол елде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440 адамға жеткені және осы аурудан тоғыз адамның көз жұмғаны хабарланды. Сондай-ақ, Қытайда тараған пневмония Тайландта да тіркелді.

 

1184 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз