Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Ақпан, 2020

Тағы да 5 медициналық анықтама жойылды

  Қазіргі уақытта цифрландыру медицина саласында да қызу қарқынды жүріп жатыр. Осыға байлнысты көптеген анықтамаларды беру тоқтатылды. Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты 5 меициналық анықтаманың жойылғанын растады. Өткені жылы  «Мекен-жай анықтамасын» беру тоқтатылғаны белгілі. Енді міне, министрлік 5 медициналық анықтаманың жойылғанын мәлім етті. Атап өтер болсақ,  миистрлік алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту туралы анықтама, көлік құралын жүргізуге рұқсат беру туралы анықтама, психоневрологиялық ұйымнан анықтама, наркологиялық ұйымнан анықтама, туберкулезге қарсы ұйымнан анықтаманың қағаз түріндегі нұсқасын жойды. Кез келген азаматқа  керек жағдайда енді  медициналық анықтамалар автоматты түрде (азаматтың рұқсатымен) рәсімделеді», делінген хабарламада.

625 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз