Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Наурыз, 2020

Дәурен Абаев: Үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат емес

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары коменданттық сағат болмаса да, биліктің қауіпсіздік бойынша барлық шарасын ұстану керектігін айтып өтті. «Вирустың ел ішінде тарауы өсіп келе жатыр. 28 наурыздан бастап республикалық маңызы бар үш қалада жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бүгін Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ ол талаптарды қатаң сақтау керек», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен брифингте. Министр халыққа сақтық шараларын орындауды өтінді. «Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек», - деді министр.  

395 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты
Келесі мақала Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 7 қадамы

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *