Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Сәуір, 2020

Ақтаулық оқушы Оңтүстік Кореяның грантын жеңіп алды

Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ғаламмадин Асқар Кореядағы KAIST (Korea Advanced Institute of Science and Technology) университетіне тегін оқуға шақырту алды. Зияткерлік мектептің ең үздік оқушыларының бірі болашақта электроника инженериясы мамандығы бойынша білім алмақ. Ғаламмадин Оңтүстік Кореяның Теджон қаласындағы жетекші технологиялар университетіне құжат тапсыру үшін физика мен математикадан SAT Subject және SAT Readining, ағылшын тілін біліктілік деңгейін анықтайтын IELTS емтихандарын тапсырып, жоғары көрсеткіш көрсеткен. – SAT емтиханынан 1600 баллдың 1600-ін алдым. Ал IELTS көрсеткіші 6.5 балл болды. Құжаттарымды жинап, университетке жолдадым. Кейін оқу орнының сайтына грантқа өткенім жөніндегі тізім жарияланды. Қуанышымда шек жоқ, –  дейді болашақ түлек. Айтпақшы, Ғаламмаддин Назарбаев университетінің Direct бөліміне де білім грантын жеңіп алған еді. – KAIST электроника саласы бойынша әлемнің үздік жиырмалығына кіреді. Сонымен қатар, өзге елдегі технологиялармен жақынырақ танысуға, тәжірибеден өткізуге үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Университетке түсуге еңбек сіңірген барша ұстаздарыма, соның ішінде физика-математика пәнінің мұғалімдеріне мың алғыс. Әрине, Назарбаев университеті де жақсы, бірақ элоктроника саласын оқуды таңдадым, –  дейді Ғаламмадин. Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің бүгінде екі түлегі Оңтүстік Кореяда білім алып жатыр. Төремұрат Аралбаев (2017) пен Нұрдаулет Төребай (2019) Пусан мемлекеттік университетінің студенттері. “Ұлан” газеті №15

802 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз