Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 04 Мамыр, 2020

Үш қалада мамандандырылған ХҚКО жұмыс істей бастады

«Азаматтарға арналған үкімет» ҰК баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 мамырдан бастап мына қалалардағы мамандандырылған ХҚКО қайта ашылады: ⠀ Нұр-Сұлтан (20-40 көшесі) Карағанды (Мұқанов көшесі, 5) Ақтау (9-өнеркәсіптік аймақ, 57) ⠀ Мекемелер алдын ала жазылу арқылы ғана қызмет көрсетеді. Қызмет алу үшін Egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет. Қарағандылық ХҚКО барлық жүргізушілерді қабылдаса, Ақтау мен Нұр-Сұлтандағы орталықтар тек заңды тұлғаларға (автосалондар) қызмет көрсетеді. ⠀ Аталған мекемелер жұмыс күндері 9:00-ден 17:00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істейді. ⠀ Басқа қалалар мен облыстарда мамандандырылған ХҚКО-ды ашу мүмкіндігін жергілікті шұғыл штаб қарастыруда. ⠀ Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта машинаны онлайн сатуға және сатып алуға, сонымен қатар жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады.

781 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз