Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Мамыр, 2020

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар 160-қа жетті

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 160 адамға жетті. Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, бүгін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 226 адам тіркелген. Соның ішінде Теңіз кен орнында Covid-19 індетінің тағы 15 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастар арасында он ер адам және бес әйел бар. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар. Алгоритмге сай, жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден анализ алынған. ПТР диагностикалық тестілеу нәтижесінде Covid-19 диагнозы расталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошағына дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еске сала кетелік, бүгін, 6 мамырда Атырау облысында 226 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Оның ішінде 160 адам - Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Қауіпті індеттен 78 адам емделіп шықты. inform.kz 

771 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз