Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 24 Сәуір, 2024

Гүл Алматы

Сәуір айы – табиғаттың ең тамаша кезі. Әсіресе, Алматыны қызғалдақтар мен жеміс ағаштары гүлдеген кезде жердегі жұмақ па дерсіз?! Редакция тілшісі қаладағы көрікті орындарды аралап, қызғалдақтар маусымын фотосуретке түсіріп қайтқан еді.

Біз алдымен қалалық әкімдік алдынан түсірілім жұмысын бастадық. Мұнда Көктөбе мұнарасы мен қызғалдақтар көз тартты. Одан кейін әкімдіктің, Тәуелсіздік алаңы мен Желтоқсан ескерткішінің маңындағы гүл шоқтарын фотоға түсіріп алдық. Ретпен отырғызылған гүлдер, қанық бояуы, жұпар иісі ұзаққа дейін көңіл жадыратады.Ұлттық кітапхананың да алды қызғалдақпен көмкеріліпті. Мұнда тіпті көктем мерекесінің ерекше лебі сезіледі. Ал Астана алаңы маңайындағы қызғалдақтар да арлы-бері ағылған халықтың көз қуанышына айналған.

Алатау ауданындағы Алматы арена маңайы да құлпырып тұр. Мұнда алуан түрлі қызғалдақтармен қоса алма ағаштары да гүлдеп, төңірекке ерекше рең беріп тұр. Жалпы Алматының кез-келген бөлігінде көктемнің жарқын бояуы сезіледі. Сондықтан бір аптаға жуық болатын қызғалдақ гүлдеуі маусымын жіберіп алмаңыздар, оқырман!

Досжан Балабекұлы

Суреттерді түсірген автор

1162 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз