Сауда орындарының жұмыс тәртібі бекілітді

170

Қазақстанда карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты азық-түлік сататын сауда орындарының қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Telegram-дағы Coronavirus2020.kz парақшасына сілтеме жасап.

Сауда орындарының жұмыс тәртібі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін болып бекітілді.

Базарға кіре берісте, сауда орнының холында, дәлізде әр 50-100 метр сайын, лифтке, санитарлық торапқа кіре берісте санитайзерлер орнатылуы керек.

Азаматтар тауар ақысын қолма-қол төлей алмайды (тек банк картасы немесе телефондағы бағдарлама арқылы). Кезекте 5 адамнан артық тұруға болмайды және олардың ара қашықтығы бір метр болуы керек.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *