Нәрестеге көрімдік беру

232

Мәуліт жырында пайғамбар дүниеге келгенде жеті қат көк пен жеті қат жер, он сегіз мың ғалам оны көруге келеді. Бір-бірінен: «Пайғамбар дүниеге келді!» – деп, сүйінші сұрайды. Бүкіл періштелер зияраттап оның үйіне келеді. Олар дүр гаухарлар мен әр түрлі сыйлықтар тарту етеді. Жаңа туған балаға:

– Рахымның нұры келді!

– Үмбеті көп болсын!

– Үмбеті Алланың досынан болсын!

– Дені сау болсын! – деп дұға-тілектер айтады.

Мәуліт жырында жиі айтылатын бұл сюжет қазақ арасына тарап, пайғамбардың сүндетіне айналды. Жаңа туған нәрестеге көрімдік беру, құтты болсын айтып сүйінші сұрау, тілек айту рәсімдері қазақ дәстүрінің бір бөлшегін құрапты[1].

[1] Süleyman Çelebi. Vesîletü’n-Necat. Mevlid. – Ankara: Türk Tarih Kurumu Basımevi, 1954. -110 ss.

DEGDAR




2 thoughts on “Нәрестеге көрімдік беру

  1. Диана

    Қазақтың ең керемет салтының бірі осы. Алла тағала сүйінші сұрау, құтты болсын айтуды ғана жазсын. Ылайым жақсылықтар әр үйде болсын.

  2. Берік

    Салт-дәстүрлерімізді бағалап, сақтап жүрейік, ағайын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *