Астана «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда алда келеді

106

Бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер қатарында Астана үлесі 23 % құрайды, бұл аймақтар арасында алғашқы қатардан көрінуге мүмкіндік беруде.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Астана әкімдігіне биыл бюджеттен 18,7 млрд теңге мемлекеттік инвестиция бөлінді. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруға 12,9 млрд теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 5,8 млрд теңге жұмсалады.

2018 жылдың құрылыс секторына қаңтар-мамыр айларында 1072,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жылдық жоспар — 2 362 мың ш. м. Бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер қатарында Астана үлесі 23 % құрайды, бұл аймақтар арасында алғашқы қатардан көрінуге мүмкіндік беруде.

Қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 148, 9 млрд теңгені, НКИ – 77,2 %, жылдық жоспар 661,5 млрд теңге құрады. Оның үлесіне республика бойынша құрылыс жұмыстарының шамамен 17,3 % көлемі кіреді.

Астана үлесіне тұрғын үй құрылыс саласына тартылған шамамен 26,4 % инвестицияны құрайды. Қаңтар-мамыр аралығында 103,4 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылған, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,8 % құрауда.

Тұтастай алғанда, Астанада жалпы салынған пәтердің 42,2 %-ы тұрғын үй қорына енгізіліп, пайдалануға берілді.

Дереккөз: baq.kz

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *