Бәйдібек ауданында жаңа күн электр станциясы салынады

75

Түркістан облысында күн электр станциясы салынады, деп хабарлады 24.kz . Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған форум барысында Түркістан облысы Бәйдібек ауданында күн электр станциясын салу туралы келісімге қол қойылды.

Нысанның құрылысы 10 айда аяқталады деп жоспарланған. Жобаның құны – 15 млн долларды құрайды.

Бұған қоса, өңірде шағын жел электр станцияларына арналған құрылғыларды өндіретін зауыт салу жоспарда бар. Аталған нысандардың құрылысын толығымен оңтүстіккореялық инвесторлар қаржыландырады. «Өткен жылы Астанада халықаралық ЕХРО көрмесінің өткенін білеміз. Сондықтан Қазақстанда баламалы қуат көздеріне ерекше мән берілетіні белгілі. Мұнда осы сала бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыруға болады. Ол үшін жақсы жағдай жасалған. Корея технологиясы мен Қазақстанның мүмкіндігін қосқанда, сапалы тауар өндіруге мүмкіндік бар», — деді оңтүстіккореялық компания президенті Джон Енг Сун.

Ал Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов ауданда салынатын нысанның қанша мегават электр өндіретінін айтты: «Салынатын күн электр станциясы 10 мегават болады. Болашақта оның көлемін ұлғайту қаралады. Энергияны Түркістан облысының аймақтары тұтынады», — деді аудан әкімі.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *