Семейде мұз сарайы салынады

344

Семейдегі «Қарағайлы» жаңа ықшам ауданында алып мұз сарайы салынады. Жаңа спорттық кешеннің құрылыс жұмыстары 2019 жылдың жаз айларында басталмақ. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлады.

Ғимараттың жалпы аумағы 3 гектар болады деп жоспарланған. Ал ұзындығы – 240, ені 140 метрге дейін созылады.«Ғимараттың жалпы аумағы – 3 гектар болмақ. Ал ұзындығы – 240, ені 140 метрге дейін созылады», — дейді жобалаушы мамандар.

Спорттық нысанда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғану, керлинг, конькимен жүгіру және басқа да жарыстар өткізілетін болады. Мұнда жылдың қай уақытында болмасын қысқы спорт түрлерінен жаттығу жасауға барлық жағдай қарастырылады.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *