Екпе туралы біз білмеген 12 дерек

780

Қоғамда екпе салдыруды қолдайтындар мен бас тартатын адмдар арасындағы кереғар пікірлер әлі де баршылық. Төменде  екпеге байланысты келтірілген деректер адамдарға белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі деген ойдамыз.

1. Сальмонеллез

Ұлыбритания балапандарды вакцинациялау арқылы  сальмонелллезды жойды. Алайда АҚШ бұл екпелерге рұқсат беруден бас тартты.

2. Полиомиелит

Африкалық Руанда мемлекетінде балалардың едәуір пайызы полиомиелитке қарсы екпені алады. Бұл көрсеткіш басқа дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда артық.

3. Шешек

Америкалықтардың тәуелсіздік үшін соғысында Джордж Вашингтон әскерилерге шешекке қарсы екпе егуді бұйырған. Нәтижесінде індетті жұқтыру көрсеткіші 17%-дан 1%-ға төмендеген.

Шешек  түп-тамырымен жойылған бірінші және жалғыз індет. Қазіргі күні шешек вирусы тек Ресей мен АҚШ-тың жоғары қауіпсіздігі сақталған зертханаларында бар.

4. «Vacca»

Вакцинация термины латынның «сиыр» («vacca») сөзінен алынған. Бірінші екпе шешекке қарсы қолданылған. Адамдардың  шешекті жұқтырмауы үшін ең алғаш сиыр шешегі қоздырғышының екпесі жасалған.

5. Екпеден бас тарту

Ұлыбританияда екпе жасатуды міндетті емес деп қабылдаған. Нәтижесінде 10 жыл өткеннен кейін індеттердің жаппай таралуынан жасөспірімдердің көп бөлігі түрлі қауіпті жұқпалы ауруларға шалдыққан.

6. Аденовирусты вакцина

АҚШ-тың әскери қызметкерлері жұртшылыққа қолжетімсіз екпелерді алады. Солардың бірі аденовирусты вакцина болып табылады.

7. Морис Ральф Хиллеман

Америкалық микробиолог Морис Ральф Хиллеман бүгінгі қолданыстағы екпелерге арналған 14 вакцинаның 8-ін жасап шығарған. Олардың қатарында қызылша, А гепатиті, В гепатиті, желшешек, менингит, пневмония, гемофильді таяқша бактерияларына қарсы вакциналары бар.

8. Көкжөтел

Көкжөтелге қарсы вакцинаның тиімділігі 2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда екпе жаслған уақыттан бастап үш жыл аралығында 24-41 % -ды құрайды.

9. Тұмау

Тұмау вирусы денсаулығында белгілі бір ақауы бар балалар үшін аса қауіпті. Зерттеулер көрсеткендей, тұмауға қарсы екпе жасату бұл балаларда тұмаудан болған өлім қаупін 51%-ға төмендетеді.

10. Індет

Көптеген адамдар жұқпалы аурулар кең таралған уақытта да екпе жасатудан бас тартады. Мысалы 2014 жылғы зерттеулерге қарағанда, қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан америкалықтардың 85%-ы діни, философиялық және жеке себеп-салдарды атаған.

 

 

 

 

 

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *