Тоқаев үкіметке шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырды

368

Мұнай бағасының күрт арзандауына байланысты нарықта жағдай қиындай түсті. Осыған байланысты әлемдегі мемлекет басшылары қамданып жатыр.

Айта кетер бір жайт, солтүстік теңіз қоспасының баррелі бірден 14 долларға түсіп, 31% бағасын жоғалтты. Соңғы рет Brent 2016 жылдың қаңтарында 31,5 долларға дейін төмендеді, ал бұған дейін 2004 жылдың көктемінде осындай жағдайды бастан кешкен белгілі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі жағдайдың күрделенуіне байланысты үкіметке жедел әрекет ету штабын құруды тапсырды.

«Әлемдегі экономикалық жағдайдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үшін премьер-министр басқаратын шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырдым. Мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін толық орындайды. Қосымша жұмыс орынедары ашылады», -деп жазды ол өзінің Твиттер парақшасында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *