1 күнде 2 өлім

439

Денсаулық сақтау министрлігі елде 1 тәулік ішінде коронавирустан екі адамның көз жұмғандығы туралы хабарлайды. Қайғылы жағдай Ақмола облысында тіркелді.

Бұл Ақмола облысында коронавирустық инфекциядан қайтыс болған 4-ші адам. Көз жұмған науқастың 84 жаста екендігі айтылады. Басқа мәліметтер қазірге белгісіз.

Дәл қазіргі мәлімет бойынша елімізде COVID-19 індетінен қайтыс болған адамдардың жалпы саны 12 адамға жеткен.

Қазақстанда қауіпті індет жұқтырған 979 адам анықталған. 100 адам коронавирустан толықтай емделіп, сауығып шықты.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *