Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 14 Қыркүйек, 2020

«Астана арландар» мен Астана президенттік кәсіби спорт клубы жабылады

«Тарлан батырлары» ЖШС директоры Бақтияр Артаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана президенттік кәсіби спорт клубы мен «Астана арландар» клубының жабылатынын мәлім етті.

«Астана арландары» клубы, Президенттік спорттық кәсіби клубы да жабылып жатыр. Басқа клубтарды бұрынғыдай тікелей «Самұрық-Қазына» қоры немесе «Қазақстан темір жолы» АҚ қаржыландырады. Қазір кәсіби спортты қаржыландыруды тоқтата тұрып, бұқаралық спортты дамытуды қолға алуымыз керек. Алматыдағы «Қайрат» командасын Қайрат Боранбаев деген кәсіпкер өз қалтасынан қаржыландырып, жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр. Болашақта футбол сынды кәсіби спортты кәсіпкерлерге беруіміз керек. Ал мемлекет қаржысын бұқаралық спортты дамытып, кешендер салуға жұмсауымыз керек деп ойлаймын», - деді Бақтияр Артаев.

Айта кетейік, елімізде 2500-ге жуық спорт нысаны жекеменшік еншісінде.

 

azattyq-ruhy.kz

387 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз