Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қыркүйек, 2020

Жолдауды талқылады

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығының мәжіліс залында, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын, осы орталықтың қызметкерлері талқылады.

Сонымен қатар Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана-жүйесінің 45 кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастыруымен Жолдау туралы "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" тақырыбында газеттерден көрме ұйымдастырылды.

"Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығының директордың әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Римма Туреханқызы Кульбаева Президент жолдауының он бір бағыттағы маңызды тармағын түсіндіріп өтті.

Атап айтар болсақ әлеуметтік, медицина, білім беру туралы Президенттің айтқандарына жеке түрде тоқтап өтті. Он бір бағыт бойынша аса маңызды міндеттер талқыланды.
Биылғы Жолдау аясында орталықтың атқарылатын жоспарлы жұмыстар туралы хабарлады.

Римма Туреханқызының айтуынша,  Жолдауда  өзекті мәселелердің оң шешімін табу үшін барлық бағыттар айқындалған. Жолдаудағы негізгі бағыттар мен нақты атқарылатын жұмыстарға  кеңінен тоқталды. Жолдауды талқылау барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Осы Орталықтың қызметкерлері Президенттің халыққа жолдауын бірауыздан қолдады.

Бақыт Сыдықова, Алматы қаласындағы №45 кітапхана-бөлімшесінің меңгерушісі

464 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз