Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Қыркүйек, 2020

Елімізде қандай қылмыс жиі тіркеледі

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз Қазақстанда өткен аптада тіркелген қылмыстар жөнінде айтып хабарлады.

«Өткен аптада елімізде 3434 қылмыс пен құқықбұзушылықтар тіркелді. Кезекші із кесушілер 2228 қылмысты анықтады. Қылмыстар арасында бұрынғыдай ұрлық көш бастап тұр. Өткен аптада еліміз бойынша 1316 ұрлық жасалған. Оның ішінде 568 ұрлық ашылды», — деді Нұрділдә Ораз онлайн брифингте.

Ресми өкілдің айтуынша, қаржылық пирамида құрған бірнеше күдіктіге қатысты тергеу басталды.

ҚР ІІМ Тергеу депаратменті 2016-2017 жылдар аралығында Questra Holdings, Questra World, Atlantic Global Asset Management, FIVE WINDS Asset Management деген атаулармен қаржылық пирамида құрған бірқатар еліміздің және басқа елдердің азаматтарына қатысты тергеуді бастады.

«Олардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық зардап шеккен. Қарапайым азаматтар бас-аяғы 1 млрд теңгеден астам қаражатқа алданғанын айтып отыр», — деді Ораз.

 

kaz.holanews.kz

44 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды
Келесі мақала Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейеді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *