Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қазан, 2020

Елордада жол картасы аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды

Биыл бағдарлама аясында 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру көзделген. Елордада Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 15 253 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. 7 627 орынға жұмыссыз азаматтарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына жүктелген. 

“Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарды жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен қаланы абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сол себепті, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы, кран машинисі, арматуршы, тас қалаушы, бетоншы, кәріз құбырларын жөндеуші, экскаваторшы, ауыр жүк көлігін жүргізуші, жол жөндеуші, көгалдандырушы жұмысшылар, монтаждаушы, электрик мамандықтары сұранысқа ие болып отыр”,-деп атап өтті орталықта.

Құрылыс жұмыстарына 1300 жұмыс орын, инженерлік инфрақұрылым саласына -2 700, газ тарту-700, абаттандыру-4 900 (оның ішінде 200-ге жуық аула, 30-қоғамдық орындар сондай-ақ, көгалдандыру мен жарық тандыру жұмыстары жүргізілді).

20 әлеуметтік құрылыс нысанына жөндеу жүргізу үшін қосымша 1 600 жұмыс орны құрылды. Ол жерде 5 мектеп, 6 бала-бақша, 2 емхана, 2 колледж, 4 спорт нысаны жөнделеді.
Жол құрылыс инфрақұрылымдық жұмыстар үшін 4000 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

“Бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған жұмысшылардың жалақысы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты 85 000 теңгеден 250 000 теңгені құрайды”, - дейді Жұмыспен қамту орталығы өкілдері.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталып, инфроқұрылымдық нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 758 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысқан мердігерлердің мәліметінше Жұмыспен қамтудың жол картасына уақытша жұмысқа қабылданған жұмысшылардың 1 766-сы тұрақты жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік бағдарлама жыл соңына дейін жалғасады. Ал, құрылыс бойынша ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бағдарламаға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына Еңбек ресурстарын мониторингтеу және болжау бөліміне хабарласу қажет, мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 25. «Өркен» Іскерлік орталығы, телефондары 57-88-89, 57-89-37, 24-83-02.

256 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз