Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Желтоқсан, 2020

Қала көрінісін қалт жібермейтін тілші "Qalam-ның" бас жүлдесін алды

Kazgazeta.kz порталының тілшісі Досжан Балабекұлы «Qalam» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Алматы-болашақтың қаласы»  фотобайқауының жеңімпазы атанды.

Әлеуметтік желіде #AlmatyNewVision хештегімен өткен байқауға 500-ге жуық жұмыс келіп түскен. Суреттер Алматының заманауи сәулет өнеріне арналуы тиіс болатын. Сондықтан, желі қолданушылары байқауға ерекше қызығушылық танытты. Сайысқа кез-келген адамның сүйікті қаласы туралы фотосуреті қабылданды. Тіпті, сурет санына да шектеу болмады.

Байқауға танымал фотографтар, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, өнер магистрі Оңғарбек Алхаров, фоторепортаж  түсіру маманы  Тимур Эпов және халықаралық фотокөрмелер авторы Дарья Дунич қазылық етті.

Әріптесіміз Досжан  Балабекұлы байқауға 30-ға жуық жұмысын ұсынған. Нәтижесінде, бір суреті қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге ие болды. Жеңімпазға Canon M50 фотоаппаратын тарту етті. Әрпітесмізді шын жүректен құттықтаймыз!

Айта кетейік, байқауды ұйымдастырушы QALAM Қоғамдық Бірлестігі бұл -урбанистер мен экологтардың, сондай-ақ сәулетшілердің басын біріктіретін диалог алаңы. QALAM ұжымы экология, құрылыс, тұрғын үй саласына қатысты туындаған кикілжіңді реттеуге ат салысып, сарапшылық қызмет атқарады. Соның негізінде қала аумағында әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, оны ғаламтор кеңістігінде жариялайды.

 kazgazeta.kz

1202 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз