Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 04 Желтоқсан, 2020

Шеремета мен Головкин жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметаның ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды. Бұл туралыFightnews.com порталыхабарлады. 

Лапин Шереметадан бөлек тағы бір польшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырған. Енді оның 12 желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін.

Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді.  Айта кетейік, 18 желтоқсан күні Флорида штатында Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі керек. Бұл кештің басты жекпе-жегі болып, 12 раундқа жоспарланған.


410 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз