Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қаңтар, 2021

Елімізде депозитті теңгемен ашушылар қатары артты

2020 жылы банк жүйесіндегі депозиттер 15,3 пайызға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты. «Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылғы қарашаның соңында негізінен теңгемен салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 15,3 пайызға ұлғайып, 21,9 трлн теңге болды», - деді ол Ерболат Досаевтың дерегінше, ұлттық валютамен салымдар 13,3 трлн теңгеге дейін 23,1 пайызға артты. Өзге валютамен салымдар 2020 жылғы қарашаның соңында 8,6 трлн теңгені құрап, 5,1 пайыз өсті. «Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылғы қарашада 39,3 пайызға дейін төмендеді»,- деді ҰБ төрағасы.



317 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз