Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Қаңтар, 2021

Түркістан қаласында 900 орындық жаңа мектеп салынуда

Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында 900 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Үш гектар аумаққа орналасқан жаңа білім ұясының көлемі 8487,21 м2 құрайды. Қазіргі таңда нысанның сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Былтыр құрылыс жұмысы басталған жобаның құрылысын биыл сәуір айында аяқтау жоспарланып отыр. «Отырар» ықшам ауданында көпқабатты үйлердің көптеп салынуы мен тұрғындардың көшіп келуіне байланысты білім ошағының да қажеттілігі туындап отыр. Осы мақсатта, жаңадан салынып жатқан мектеп биыл қолданысқа берілмек. Оқушылар екі ауысымда білім алатын болады.

Жалпы, Түркістан қаласында 43 мектеп бар. Оның 10-ы жекеменшік.

 

350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз