Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 06 Сәуір, 2021

Батыр Жүкембаев мамыр айында шаршы алаңға шығады

Қазақстандық нокаутшының Америкадағы бірінші жекпе-жегі белгіленді.
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) Америкадағы алғашқы жекпе-жегінің күні белгіленді.

Мәлімет көзінің ақпатары бойынша, Батыр 29 мамыр Лос-Анджелесте Showtime ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығады. Қазақстандық боксшының қарсыласы пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО).

Жүкембаев - Матиас жекпе-жегі IBF ұйымының "төртеудің турнирі" аталып кеткен жарыстың бір бөлігі. Оның жеңімпазы ұйым чемпионыныа міндетті қарсылас атанады. Ал екінші жұп британсиялық Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) және аргентиналық Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО).

Батыр Жүкембаев осыған дейінгі кездесулерінің бәрін Канадада өткізген. Алдағы айқас Америкада өтетін бірінші жекпе-жегі болады.

643 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз