Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Сәуір, 2021

COVID-19: әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтті

Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталінде COVID-19 таралуы жағдайында медицина персоналдарын арнайы тактикалық даярлау сабағы өтті.

Әскери дәрігерлер іс-қимыл тәртібін қарап, қауіпті инфекцияның белгілері немесе диагнозы қойылған кезде қызметкерлерге хабарлау сызбасын пысықтады.

Жаппай келіп түсіп жатқан науқастарды алғашқы бөлу және орналастыру ережелері, тексеру әдістері ерекше назарға алынды. Бұл мәселелер басшылық, дәрігерлер, медицина персоналдарының практикалық сабағының бір бөлігі ретінде жан-жақты талданды.

Сабақ барысында инфекцияның таралу қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, жұқтыру аймағында болу және ол жерден шыққандағы мәселелер егжей-тегжейлі пысықталды.

Оқу-жаттығуға қатысушылар сондай-ақ, шұғыл жағдайда жинақы және жедел жұмыс істеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қамтамасыз ету мен науқастарға сапалы медициналық көмек беруге қажетті кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.

497 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз